
Қазіргі уақытта адам баласы тек қана физикалық қауіптен емес, ақпараттық және қаржылық қауіп-қатерлерден де қорғануға тиіс. Ғаламтор кеңістігі дамыған сайын адамдардың күнделікті өмірі жеңілдегенмен, қауіп-қатері де арта түсті. Әсіресе, қаржылық сауаттылықтың төмендігі адамдарды алаяқтардың оңай олжасына айналдырып отыр. Қысқаша қаржылық сауаттылық, онлайн алаяқтар мен киберқауіпсіздік туралы жалпы мағлұматтармен тоқталып кетсек
Қаржылық сауаттылық деген не?
Қаржылық сауаттылық — адамның жеке қаражатын тиімді басқаруы, табысын жоспарлауы, шығындарын бақылауы, несие мен инвестицияны дұрыс пайдалануы.
Бұл – қазіргі қоғамда әр азаматтың міндетті түрде білуі тиіс дағдысы.
Онлайн алаяқтар мен киберқауіпсіздік
Ғаламтор арқылы ақша ұрлау, жалған сілтемелер жіберу, банк картасының мәліметтерін алу сияқты кибершабуылдар күн сайын кездеседі. Алаяқтар «банк қызметкеріміз» деп хабарласып, есеп-шоттың бұғатталып жатқанын айтып, тұтынушыны үркітіп манипуляция жасап, нәтижесінде адам өз еркімен жеке деректерін айтып, ақшасын жоғалтады.
Киберқауіпсіздіктің басты негізгі ережелері:
1.Ешқашан бөгде адамдарға банк картаның нөмірін, CVV кодын, SMS арқылы келген кодты айтпау,
2.Бейтаныс сілтемелерге өтпеу.
3.Ресми емес қосымшаларды жүктемеу.
4.Банк қосымшаларына тек қауіпсіз, ресми сайттар мен маркеттер арқылы кіру керек.
Мақалада келесі бөлімдерде алаяқтық және киберқауіптер туралы статистика және қайырымдылық қорлары туралы ашып толық жазып жалғастырамын. Деректерге сүйене келе елімізде қаржылық сауаттылық деңгей төмен, тек шамамен 43 %‑ға жуық. Бұл дегеніміз: халықтың көп бөлігі әлі де қаржы саласында толық хабардар және сауатты емес деген сөз. Яғни, шамамен 6 адамнан тек 2‑3 адам ғана қаржылық басқаруда негізгі дағдылармен қамтылған. Бұл төмен көрсеткіш. Еліміздегі статистикаға келсек-2025 жылы Қазақстанда жыл басынан бері 14 000‑нан астам интернет‑алаяқтық оқиғасы тіркелді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 %‑ға көп. 2024 жылы қаңтар–шілде айларында интернет‑алаяқтықтан келетін залал — 7,1 млрд теңгеден астам (6,8 млрд‑ы жеке тұлғаларға, 304 млн теңгесі заңды тұлғаларға) болған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында үш айда 129 интернет‑алаяқтық оқиғасы көп тіркеліп, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 27,7 %‑ға артық. Сонымен қатар: 2025 жылдың алғашқы алты айында елде қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы саны 64 529‑ға жеткен. Олардың ішінде көп бөлігі интернет алаяқтыққа қатысты. Бұл деректерден көрінетін маңызды жайттар- онлайн алаяқтық саны айтарлықтай өсуде Бұл цифрлық сауаттылықтың жеткіліксіздігінен, азаматтардың интернет арқылы қаржы операцияларын дұрыс түсінбеуінен болуы ықтимал. Алаяқтардың схемалары тек қана классикалық банк карталарын ұрлаумен шектелмейді — цифрлық заманда мұнда интернет платформа, әлеуметтік желі, мобильдік банкинг, жалған қайырымдылық сайттары кіреді. 60 жастан асқан азаматтар цифрлық сауаттылық төмен болғандықтан, әсіресе қауіпке ұшырайды.
Қайырымдылық қорлар туралы
Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі- Қайырымдылық институты. Бірақ қайырымдылықтың әділ жолмен емес, алаяқтық тәсілдермен жүргізілетіні қоғам үшін зиян болып тұр. Адамдар сенімдерінен айрылды, нағыз мұқтаждар қолдау ала алмай жүр. Әсіресе, ең көп таралғаны әлеуметтік желіде науқас балалармен манипуляция жасау. Елімізде 2024 жылғы желтоқсанда елімізде атауына «қайырымдылық» сөзін қосқан ұйымдар саны 1353 болған. Оның ішінде: 5542 қоғамдық қор, 1154 жеке меншік қор, 510 корпоративті қор, 13 мемлекеттік қор. Қайырымдылық қорларға байланысты Dos.Co Жеке қорының директоры Аймурзина Айнұр ханымнан алынған сұхбатқа сүйеніп жалғастырамын. Жалпы ақша жіберген кезде неге мән беру керек?
Қорлардың жалған емес екенін қалай анықтауға болады деген сауалға айтылған чек-листпен таныс болайық.
- Ең бірінші қормен өзара байланысу кезінде үкіметтік емес немесе коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын құжаттардың болуына назар аудару. Бұл тіркеу туралы куәлік, ұйымның коммерциялық емес екендігі және пайда табу мақсаты жоқ екендігі туралы жарғы, сондай-ақ банк деректемелері болуы мүмкін.
2. Сенімді қорлар- жеке тұлғалардың онлайн әмияндарына немесе банктік карталарына қайырымдылық жасап, ақша жинамайды. Қордың қаржылық есептілікті ұсынатын заңды тұлға ретінде деректемелері болуы керек. Қайырымдылықты жеке адамдарға емес, тікелей қорға жіберген дұрыс. Кез келген қайырымдылықтар мен демеушілік көмек туралы мақсатты пайдалану шарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. ҮЕҰ / ҮЕҰ ұйымға қаржылық көмек көрсету туралы сұрау салу хатын алдын ала жолдауы тиіс.
3. Ашықтық. Қордың құрылтайшылары мен қызметкерлері туралы ақпарат ашық болуы керек. Әдетте мұндай деректер Қордың веб-сайтында орналастырылады немесе басқа ашық көздерде қол жетімді.
4. Есептілік: «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға сәйкес Қор жыл сайын өз мүлкін интернет-ресурстарда немесе Қазақстанның бүкіл аумағына таратылатын мерзімді басылымдарда пайдалану туралы есептерді жариялауға міндетті.
Мысалы, «Дара» қоры көптеген жылдар бойы жыл сайынғы есеп дайындап, сайтта ашық түрде көрсетеді.
5. Жобалар мен нәтижелер: Сенімді қорлар жұмсалған қаражаттың көлемін ғана емес, сонымен қатар олардың жобалары арқылы қол жеткізілген нақты нәтижелерін де ашып көрсетеді. Ашықтық пен қол жеткізілген нәтиже туралы есеп беру жауапты және сенімді қордың маңызды белгілері болып табылады.
6. Қордың беделі: Қордың кәсіби қоғамдастықтағы және серіктестер арасындағы беделін зерттеу керек. БАҚ, әлеуметтік медиа және басқа платформалардағы пікірлерді қарау қажет.
7. Қордың қызметіне қатысты жағымсыз пікірлер немесе жанжалдар бар-жоғын білу керек.
Бедел қордың маңызды көрсеткіші.
8. ҮЕҰ тізілімінде тіркелу: Қордың коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ресми тізілімінде тіркелгеніне көз жеткізу. Заңға сәйкес, ҮЕҰ/ҮЕҰ көпшілігі өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ тізіміне тапсыруы керек.
9. Стейкхолдерлермен байланыс: Қордың мүдделі тараптармен қарым-қатынасты қалай құратынына назар аудару керек. Қор өзінің стейкхолдерлерімен қалай қарым-қатынас жасайды, соған қарап қордың ашықтық деңгейін және мәлімделген құндылықтарға берілгендігін бағалай алуға болады.
10. Сенімді қорлар кері байланыс береді: сұрауларға тез және кәсіби жауап береді, қызмет пен жобалар бойынша түсініктеме береді. Олар түсініктемелермен жұмыс істейді. Әлеуметтік желілердегі сұрақтарға немесе сынға жедел жауап береді.
11. Бенефициарларға құрметпен қарау: Қамқорлыққа алынған жандарға қамқорлық, көңіл бөлу және қолдау көрсету, бұл қор жұмысының жоғары этикалық стандарттарын көрсетеді.
- Қордың заңды тіркеуін тексеру:
https://adilet.gov.kz — «Юридические лица» бөлімі арқылы.
Онда құрылтайшысы, тіркелу күні, қызмет түрі көрінеді.
- Салық есептерін қарау:
eGov порталында «БСН арқылы ұйым туралы ақпарат» қызметін қолдануға болады.
Мемлекеттік кірістер комитетінен салық есептілігін сұрауға болады.
Қорлардың ай сайын есеп беруін қадағалау жолдары:
Қазіргі заң бойынша жыл сайын есеп беру міндетті. Ай сайын есеп беруге міндетті емес, бірақ төмендегі тәсілдермен қоғамдық бақылау арқылы ай сайын күшейтуге болады:
1.Қорлардың сайттарына ай сайынғы «donation dashboard» енгізу — жиналған және жұмсалған соманы онлайн көрсету арқылы.
2.«Ашық деректер» порталында (data.egov.kz) жаңа формат енгізу туралы азаматтық ұсыныс жасау арқылы (мысалы, «charity_funds_monthly_report»).
3.БАҚ пен сарапшылардың коалициясы — мысалы, “Қайырымдылық картасы” атты бірлескен карта жасап, әр айдың есебін визуалдау арқылы.
Қорытындылай келе қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында не жасау керек? Қандай ұсыныстар жазу керек деген сауалдарға шет елдің тәжірибелерімен бөлісуді жөн көрдім.
Әлем қалай жұмыс жасауда? Қандай шаралар қолданады? Қаржылық сауаттылықты қалай арттыруда?
Қазақстанда нақты деректер-ересектердің «өз қаржылық білімін жоғары бағалайтындары» — шамамен 22 %‑ға тең. Ұзақ мерзімге жоспарлайтындар — Қазақстанда шамамен 43 %, бұл ТМД орташа деңгейінен төмен (58 %) деп жоғарыда да атап өттік. Шет ел тәжірибелеріне сүйенсек, Мысалы, Данияда қаржылық білім 13‑15 жас аралығындағы оқушыларға міндетті пәндерге енгізілген. Финляндияда 6‑сынып оқушыларына арналған «бизнес‑қала» симуляциясы арқылы қаржылық сауаттылық бағдарлама жүргізілген, сабаққа 91% оқушы қатысқан.
Бұл тәжірибелер мектептен, ерте жастан басталған қаржылық білім өте тиімді екенін көрсетеді.
Ұсыныстар.
- Мектептен тыс форматтар- Жұмыс орнында қаржылық сауаттылық семинарлар, онлайн‑курстар ұйымдастыру. Үйде ата‑аналармен, қоғаммен қаржы туралы ашық әңгімелер жүргізу зерттеу бойынша ата‑аналар балаларымен ай сайын ақша туралы сөйлескен жағдайда алаяқтарға құрбан болмайды. Әлеуметтік медиа, мобильдік қосымшалар арқылы интерактивті сабақтар.
- Цифрлық қаржылық сауаттылықты күшейту Онлайн төлемдер, криптовалюта туралы, «қазір төле, кейін төле» (Buy Now Pay Later) құралдары сияқты жаңа тәуекелдерге арналған білім беру. Қарапайым тақырыптардан бастап: «электронды төлемдер қауіпі», «фишинг», «онлайн несие», «цифрлық бақылау» форматында көп материалдар жариялау .
- Әлеуметтік теңсіздікті ескеру-Зерттеу көрсеткендей, әлеуметтік жағдайы төмендер қаржылық сауаттылық тұрғысынан артта қалып келеді. Сондықтан арнайы оқыту бағдарламалары тегін болғаны дұрыс.
- Бағдарламаларды бағалау және деректер жинау-мысалы Австрия Ұлттық Банкі қаржылық сауаттылықты бағалау сериясын әзірледі. Қазақстанда да бағдарламалардың тиімділігін өлшеу, дерек негізіндегі саясат құру керек.
- Қоғамдық‑жеке әріптестік Мемлекет білім беру мекемелері қаржы институттары мен ҮЕҰ бірлесіп әрекет етуі керек. Мысалы, әлеуметтік желілер мен қаржы сектор мамандары мектепке барып, «ақша басқару шеберлігі» дәрісін өткізуі мүмкін.
- Әр‑жас топқа лайықталған тәсілдер
Жастарға: ойын форматында, симуляциялар арқылы. (Финляндия сияқты)
Ересектерге: жұмысқа кірген кездегі, несие алған кездегі, жинақ жасаған кездегі нақты тақырыптар.
Қарттар мен цифрлық сауаттылығы төмен жандарға: қарапайым тілмен, бейнелермен, жергілікті тілде материалдар.
Қазақстанға арналған нақты жол картасы болса жоғарыдағы шетел тәжірибесі мен үйренілген тәсілдерді ескере отырып, Қазақстанда былай жасауға болады:
Қазақстанда мектептерде қаржылық сауаттылық бағытындағы модульдерді міндетті пәнге біріктіру (мысалы: 10‑11‑сыныптағы «ақша және өмір» деген курс).
Жұмыс орындарында «ақшаңызды қалай қорғау керек және қалай көбейтуге болады» деген тақырыпта корпоративті тренингтер және онлайн вебинарлар өткізу.
Қаржы институттары мен банктер «цифрлық қаржы құралдарын қалай қауіпсіз пайдалану керек» туралы тегін оқу курстарын әзірлеу.
Қоғамдық ұйымдар, ҮЕҰ жергілікті деңгейде қала, аудан мен ауылдарда қаржылық сауаттылық бойынша ашық лекциялар, мобильдік банктің қауіпсіз қолданылуы туралы практика‑сыныптар өткізіп жүруі керек.
Бағдарламалардың тиімділігін өлшеу үшін деректер жинау жүйесін енгізу: мысалы, «6 айдан кейін қатысушылардың жинақ құрамы немесе қаржы қарызы қалай өзгерді» деген мониторинг.
Медиа саласы ( ақпараттық басылымдар, сайт, газет, блогерлер) арқылы қаржылық сауаттылықты насихаттау — мысалы ай сайын екі мақаламен немесе түрлі бағдарламалар арқылы «ақшаңызды қалай басқару керек» деген рубрика ашу.
